Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ержан Максим мен Қайрат Нұртас елордалықтарға тегін концерт береді

2019 жылдың 31 шілде 2019 18:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3 тамыз күні ЭКСПО көрмесінің жазғы сахнасында қазақстандық танымал әншілердің концерті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жастар жылына орайластырылған концертте Қайрат Нұртас, «Голос.Дети» жобасының финалисі Ержан Максим және Mad Men бойз-бенді өнер көрсетеді.

«Бұл концерт елорда тұрғындары мен қонақтары үшін керемет сый болмақ. Үш сағаттың көлемінде әртістер жанкүйерлерін хит болған және жаңа әндерімен, әсерлі билерімен қуантатын болады», - деді «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, мұндай концерттер ЭКСПО аумағында 24 тамызға дейін әр сенбі сайын өтетін болады. Сахнада Ерке Есмахан, Нұржан Керменбаев, M’Dee, Say Mo, Dequine және тағы басқа әншілер мен топтардың өнерін тамашалауға болады.

Жоғары қарай