Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ержан Қазанбаев ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы болды

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 12:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Ержан Қалдыбайұлы Қазанбаев Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ержан Қазақбаев 1983 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы технологиялық университетін, Абердин университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Экспресс Банк» АҚ-да комплаенс-бақылаушы болып бастаған. Сондай-ақ коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің Инвестициялық саясат басқармасы сарапшысының м. а., сарапшысы.

2012-2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау басқармасының басшысы.

2013 жылы — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті мемлекет міндеттемелерін басқару саясаты басқармасының басшысы.

2013-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары.

2016-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры.

2020 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.


Жоғары қарай