Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ержан Бабақұмаров Алматыдағы діни бірлестік басшыларымен кездесті

2020 жылдың 18 қазан 2020 16:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ержан Бабақұмаров діни бірлестіктердің көшбасшыларына қала әкімінің атынан алғыс хат табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда әкімшілігі діни бірлестіктер көшбасшыларын Рухани келісім күнімен құттықтады.

18 қазан күні Қазақстан бойынша Рухани келісім күні аталып өтеді. Бұл мереке қала тұрғындарын ұлты мен дініне қарамастан біріктіруге, қоғамдағы тұрақтылық мен келісміді сақтауға және одан әрі дамытуға бағытталған.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық Діни бірлестік көшбасшылары клубының мүшелерімен кездесу өткізді. Аталған шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Орыс православ шіркеуінің, Рим-Католик шіркеуінің, Евангелшіл-христиан баптистердің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында рухани келісім саласындағы өзара байланыс, толеранттылық пен дәстүрлі құндылықтар мәселесі, сондай-ақ деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу мақсатында тұрғындармен кері байланысты күшейту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, әлі қауіпі сейілмеген пандемия кезіндегі халықтың ауызбіршілікте болуына жеке тоқталып өтті.

Өз кезегінде, клуб мүшелері Рухани келісім күнінің ерекше маңыздылығын атап өте отырып, діни бірлестіктердің бұдан әрі жұмысына байланысты ұсыныстарын жеткізді.

Атап айтқанда, қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай, Вознесен кафедралдық собордың ключары Александр Суворов және Алматыдағы Қасиетті Үштік епархиясының бас викариі Беднарски Ян Богумил қатысушыларды мерекемен құттықтап, бірқатар ұсынысын білдірді.

Шара барысында Ержан Бабақұмаров қаланың қоғамдық өміріне белсене араласқан клубтың бірқатар мүшелерін құттықтай отырып, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан алғыс хат табыстады.

Алматы қаласы дін істері басқармасының жанындағы ерікті консультативтік-кеңесші орган саналатын клуб қызметін 2017 жылы бастаған. Құрамында 30 жуық әртүрлі діни бірлестік бар.

Клубтың мақсаты - дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылау. Сондай-ақ, клуб мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына қатысады және діни сенім бостандығы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныс енгізе алады.


Жоғары қарай