Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ертіс орманы» резерватындағы өрт: 130 өрт сөндіруші тілсіз жаумен арпалысып жатыр

2021 жылдың 18 сәуір 2021 20:54

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Өрт Павлодар облысы Шарбақты ауданы Арбиған ауылынан 5 шақырым жерден басталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сай, өрт шарпыған аумақ 300 гектар шамасында.


Өрт 13:34-те Арбиған ауылынан 5 шақырым жерден басталған. «Казгидромет» дерегінше, сағат 18:00-де ол жердегі ауа температурасы +18 градус, желдің жылдамдығы секундына 7-16 метр, ауа ылғалдығы 25 процент болған.


Кешкі сегізге қарай Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асаин Байханов оқиға орнында 129 ТЖ маманы жұмыс істеп жатқанын Инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді. Ол жерге, сондай-ақ, ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов те барды.


Өртті орманды қорғау қызметінің және ТЖД мамандары, ерікті өртсөндіруші құрам өкілдері, Чигириновка және Алексеевка ауылдарының өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлері көлік және тікұшақты пайдалана отырып сөндіріп жатыр.





Жоғары қарай