Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Ertis» футбол клубының қарызы қанша

2020 жылдың 3 маусым 2020 02:16

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – «Ertis» футбол клубымының салық қарызы туралы айтылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы туризм және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашев клубқа қаржы құюдың команданың қазіргі жағдайын неге құтқара алмайтыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Тіпті біз Павлодар облысының Құрметті азаматы Димитар Димитровпен келісетін болсақ және ол бізге барлық ақшаны кешірген жағдайдың өзінде жағдай өзгермейді. Егер де біздің легионерлеріміз бізге мұның бәрін кешіріп, кетіп қалған күннің өзінде салық бойынша түсетін миллиард теңгеден астам қаржы желге ұшады. Бұл - іс жүзінде мүмкін емес. Және олар салықты демеушілерден, барлығынан да жасырды. Салық берешегіне келетін болсақ, аудит нәтижелері бойынша тек 2019 жылы 940-950 млн теңге болды, оған қоса қазір 200 млн теңге қарыз бар. Қазір миллиардтан астам теңге, салықшылар есепшоттарды тұтқындап, клуб есебіне түсетін барлық қаржыны осы берешекті өтеу есебіне тастап кететінін айтқым келеді» - дейді Марат Айдашев.

Еске салсақ, бұған дейін біз Павлодардың «Ertis» клубы футболдан Қазақстан чемпионатына қатысудан бас тартқаны және клубта қаржылай қиыншылықтар бар екені туралы хабарлаған болатынбыз.

Айта кетсек, команда 1965 жылы құрылған. Қазақстан чемпионатында 1993, 1997, 1999, 2002, 2003 жылдарда чемпион атанса, 1994, 1996, 2004, 2012 жылдарда күміс жүлдегер болды. Ал 1992, 1998, 2000, 2008, 2010, 2016 жылдарда қола жүлдеге қол созды.

«Ertis» биылғы чемпионатта екі ойын өткізді. Алдымен Қызылордада жергілікті «Қайсардан» 0:1 есебімен жеңілсе, одан кейін өз алаңында Петропавлдің «Қызылжар» клубымен 1:1 есебімен тең түсті. Турнир кестесінде 1 ұпаймен тоғызыншы орында тұрған болатын.


Басты сөздер: Спорт, Павлодар облысы,
Жоғары қарай