Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ертең Қызылордада коронавирусқа қарсы вакцинацияның екінші кезеңі басталады

2021 жылдың 3 наурыз 2021 21:53

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордаға коронавирус инфекциясына қарсы егілетін 6200 дана «Спутник V» дозасы келді. Оның 3600-і - бірінші компонентте, 2600-і - екінші компонентте егіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл кезеңде вакцина алмаған медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге және жұқтыру қаупі неғұрлым жоғары жұмыс орындарының қызметкерлеріне салынады.

«Бұдан бұрын екпе салдырғындар арасында денсаулығына шағымданған азаматтар болған жоқ. Ал 4 наурыздан екпенің екінші кезеңін бастамақпыз. Алғашқы кезеңде вакцинациялау тек қаладағы №1, 3, 6 емханаларда жүргізілген еді. Енді екінші кезеңнен ол аудандарда жалғасады. Бұл ретте егу науқанын сапалы өткізу үшін аудандағы медицина қызметкерлері де дайындық курсынан өтіп, оқытылды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

Айта кетейік, вакцина аудандарға температуралық режимді қадағалайтын арнайы машинамен жеткізіледі.

Осы бағытта алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде 14 егу кабинеті дайындалған.

«Қазір халықтың вакцинациялаудың қауіпсіз екеніне көзі жетті деп ойлаймын. Бір жағынан асқыну, ауру белгілері 1-ші, 2-ші компаненттерде де байқалмады. Вакцина келе саласымен барлық талаптарға сәйкес мұздатқыштарға орналастырылды. Қазіргі таңда қоймадан қажетті вакцина облыс орталығындағы емханалар мен аудандарға тасымалдануда. Бұл ретте тиісті сала мамандарымен комиссия құрылды. Яғни, вакцинаны аудандарға жібергенде, доза ешқандай бұзылусыз жетсе, құрылған комиссия мүшелері қабылдап алатын болады», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы міндетін атқарушы Әлия Әбдіқайымова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада 505 адам коронавирусқа қарсы екінші мәрте вакцина салдырды.


Жоғары қарай