Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ермек Маржықпаев Аршалы және Целиноград аудандарына көгілдір отын тарту туралы айтты

2021 жылдың 18 маусым 2021 14:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңір елді мекендерін газбен қамтамасыз етуге қатысты айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аршалы және Целиноград аудандарының 20 елді мекенін газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Көгілдір отынға қосылу мүмкіндігіне ауылдық жердегі 35 мыңнан астам адам ие болады», - деді Е. Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, қазіргі кезде 100 мыңнан астам тұрғыны бар Целиноград ауданының тағы 8 елді мекеніне газ тартуға жобалық құжатнама дайындалып жатыр.

«Екінші кезектегі құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылы басталып, кезең-кезеңмен 2023 жылы аяқталады. Газбен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімдігінің ерекше бақылауында тұр», - деді ол.


Жоғары қарай