Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ерлан Тұрғымбаев полиция қатарындағы Олимпиада жүлдегерлерін марапаттады

2021 жылдың 16 желтоқсан 2021 11:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Ішкі істер министрлігінде салтанатты іс-шара өтті. Ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары спорттық жетістіктері үшін министр 42 спортшыға медальдар, төсбелгілер, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.
ІІ дәрежелі «ІІО үздігі» төсбелгісімен қазақстандық дзюдошы, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен еркін күрес шебері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев және ауыр атлет, үш дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Зүлфия Чиншанло марапатталды.

ІІМ басшысы полицейлердің спорттағы үздік жетістіктерін атап өтіп, құттықтау лебізін білдірді. Ол спортшыларға таусылмас қуат пен жаңа жеңістер тіледі.
Салтанатты шара ҚР Ұлттық ұланы ән-би ансамблінің және әртістердің қатысуымен арнайы дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты.










Жоғары қарай