Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 409.98
EUR 462.21
RUB 5.75
CNY 58.43

Ерлан Саиров: Жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған есімдерді ақтау – парызымыз

2020 жылдың 30 мамыр 2020 10:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров Мемлекет басшысының Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрады. Меніңше, дұрыс шешім. Ғылыми көзқарас тұрғысынан алып қарағанда жаппай қуғын-сүргін мен ашаршылықтың көптеген аспектілері әлі де зерттелмеген. Сонымен қатар жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған көптеген есімдерді ақтау қажет. Бұл – біздің олардың алдындағы парызымыз», - деп жазды Ерлан Саиров Facebook-парақшасында.

Оның атап өтуінше, тарих алдында барлық кезде жауапты болу қажет. Сондай-ақ тарихтың ақтаңдақ беттерін ашу алдағы уақытта мұндай жайт қайталанбау үшін маңызды.

«Бұл – барлығы өз мәнін жоғалтқан кезең болатын. Біз сол мәнді қайта қалпына келтіруге тиіспіз», - деді ол.


Жоғары қарай