Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Ерлан Саиров бейбіт жиындарды ұйымдастыру туралы заңға қатысты бірлескен комиссия құруды ұсынды

2020 жылдың 18 ақпан 2020 17:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Саясаттанушы Ерлан Саиров «ҚР-да бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасына пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, министрліктің ұсыныстарының барлығы дұрыс. Бұл заң керек. Дегенмен, бұл заң Қазақстан азаматтарын бей-жай қалдырып отырған жоқ. 2-3 топ пайда болды. Міне, осы 2-3 топтың арасында антоганизм болмауы қажет. Процестің барлығы бейбіт, келісім, консенус аясында болуы тиіс», - деді саясаттанушы.

Оның пайымынша, заң жобасының тұжырымдамасына қатысты тараптардың ұстанымдарын бір арнаға ойыстыру өте маңызды.

«Еліміздің азаматтары ретінде ұстанымдарымызды жақындастыруымыз қажет. Менің ойымша, қазір заңның әрбір бабын талқылағаннан гөрі осы құжатқа қатысты ұстанымы бар азаматтарды шақырып, бірлескен комиссия құрғанымыз жөн сияқты. Өйткені, біздің әрбір іс-шарамыз, қадамымыз ең алдымен ұлттық ықпалдастыққа, ұлттық бірлікке алып келуі тиіс. Бір топ өкілдерінің ой-пікірін елемейтін болсақ, онда елімізде қоғам арасындағы сына пайда болады. Оның еш қажеті жоқ», - деді Ерлан Саиров.

Еске сала кетсек, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Әділет министрлігінде өткен ведомствоаралық комиссия отырысында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасының тұжырымын таныстырған болатын.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Азаматтық қоғам,
Жоғары қарай