Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ерлан Қарин спортшыларды Сурдлимпиададағы жарқын жеңісімен құттықтады

2022 жылдың 19 мамыр 2022 15:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік хатшы Сурдлимпиада ойындарына қатысқан Ұлттық құрама мүшелеріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

– Еліміздің ұлттық құрама командасы 3 алтын, 7 күміс, 18 қола медальға ие болды. Бұл – спортшылардың және жаттықтырушылардың табандылығы мен қажырлы еңбегінің жемісі. Сіздер Қазақстанның спорт саласындағы әлеуеті зор екенін тағы бір мәрте дәлелдедіңіздер. Дүбірлі додада көк туымызды биікте желбіреткен жеңімпаздарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Болашақтағы байрақты бәсекелерде де халқымыздың абыройын асқақтата бересіздер деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы барша спортшыға бақ-береке, толағай табыс тіледі.


Басты сөздер: Ерлан Қарин, Спорт, Ақорда,
Жоғары қарай