Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Ерлан Байтұқбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды

2020 жылдың 4 маусым 2020 11:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Шоқан Жанатұлы Елшібеков Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚазАқпарт Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімімен Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды».-делінген хабарламада.


Басты сөздер: Тағайындау,
Жоғары қарай