Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еркекше киінген әйел өз туысының үйін тонаған

2020 жылдың 25 қараша 2020 20:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ер адам болып киінген әйел туысының үйіне кіріп, алтындарын жымқырып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отбасы мүшелерінің бәрі қонаққа кетіп, пәтердің қараусыз қалатынын алдын ала білген әйел кіреберіс есік кілтінің дубликатын жасап алған. Пәтерге қалай кірудің жолдарын ойластыра отырып, ол үйдің жанындағы қауіпсіздік камераларына түсіп қалмауға тырысыпты. Ол үшін әйел ерлердің киімін киіп, жүрісін өзгерткен.

«Туыстары қонаққа кетіп қалған күні ерлердің күртесі мен бас киімін киіп алған әйел ұрлық жасаған. Ер адамның жүрісін сала отырып, ол үйге жақындап, пәтерге еркін кіріп, құны 1 миллион теңгелік алтын бұйымдарды алып шыққан. Осыдан соң күдікті көшеде өз киімін ауыстырып, ерлер күртесін лақтырып жіберген. Ол ұрланған зергерлік бұйымдарды 370 мың теңгеге ломбардқа тапсырған. Алтын бұйымдарды полиция ломбардтан тәркіледі», - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен.

Үйіне оралған туыстары полицияға жүгініпті. Жедел іздестіру шаралары барысында әйел ұсталып, кінәсін мойындаған. Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай