Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ерхат Есқалиев Ксения Собчакпен түскен суретіне қатысты түсініктеме берді

2020 жылдың 7 тамыз 2020 12:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «СК-Фармация» ЖШС-ның басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Ксения Собчакпен бірге түскен суретіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдері одан Instagram парақшасында жарияланған Ксения Собчакпен бір түскен суретіне қатысты сауал қойған еді.

«Шындығына келгенде ол сурет 7 жыл бұрын түсірілген. Ол кезде менің салмағым шамамен 135 келі болатын. Ал қазір 105 келімін. Өткені жылы өкпеме күрделі ота жасаттым. Сурет карантинде, үйде отырған кезде жарияланған болатын. Сурет шаралардың бірінде түсірілген. Бұл жерде танымал адаммен суретке түсіп қалсам деген ой ғана болды. Басқа ешқандай ниет жоқ», - деп жауап берді ол.




Фото: ortcom.kz

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Медицина, Қоғам,
Жоғары қарай