Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ерейментауда тағы бір жел электр стансасы салынуда

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 23:14

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ерейментау ауданында қуаты 30 МВт тағы бір электр стансасын салуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жел электр станциясының қуаты 30 МВт. Жоба құны 5,6 миллиард теңгені құрайды. Әзірге құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталып, үш турбина қатарға қосылған. Екінші кезеңде 25 МВт қуат өндіретін 14 турбина іске қосылмақ. «Ereymentau Wind Power» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жел электр станциясы жалпы қуаты 4,8 МВт болатын 11 турбинаның құрылысын жүргізуде.

«Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында басталған құрылыс жұмыстары 2021 жылы толық аяқталады. Станцияның құрылысына 160 адам тартылған. Толық пайдалануға берілген кезде тұрақты 8 жұмыс орны ашылады. Өңірге құйылған инвестиция құны 26,6 миллиард теңгені құрайды. Жел электр станциясы жылына 180 миллион кВт энергия өндіруді көздеп отыр. Пайдалануға берілгеннен кейін өңірді электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етудің сенімді көзі болмақ әрі қала бюджетін толтыруға игі әсерін тигізбекші», - дейді әкімдіктегілер.


Жоғары қарай