Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ереуілге шыққандар сабырға келместен ұрып-соқты, одан әрі есімді білмеймін – әскери қызметкер

2022 жылдың 26 қаңтар 2022 16:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда болған жаппай бассыздық кезінде құқық қорғау органы қызметкерлерімен қатар әскерилер де зардап шекті. Олар өз міндетін атқарған болатын. Соның бірі алматылық әскери қызметкер Қуандық Құсайынов өз оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолда келе жатқанда біздің әскери көлікке адамдар шабуыл жасады. Көліктің алдын жауып, жол бермей қойды. Сондай-ақ, біз мінген камазға белгісіз сұйықтық шашып, бәріміз секіріп түстік. Түскен соң ереуілген шыққандарды сабырға шақыруға тырыстық. Бірақ, олар сабырға келместен бізді ұрып-соқты. Одан әрі есімді білмеймін», - деді әскери қызметкер Қуандық Құсайынов «Хабар» агенттігі әзірлеген «Трагический январь. Как это было» атты деректі фильмде.

Әскерилердің айтуынша, олар қарусыз болған.

«Бізде қару болған жоқ. Себебі бейбіт митинг деп ойлап, жалпы жағдайды бақылауға келдік. Яғни мақсат – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Бірақ шеруге шығушылар бассыздыққа салып, бізді тыңдамады. Онымен қоймай біздің оларға еруімізді талап етіп, мемлекетке қарсы шығыңдар деп үгіттеді», - дейді әскери қызметкер.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін «Хабар» агенттігінде елде болған жаппай тәртіпсіздіктерге арналған деректі фильм қалың көрермен назарына ұсынылады.


Жоғары қарай