Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ербосынұлы мен Жаңабаевтың титулды жекпе-жегін қайдан көруге болады

2020 жылдың 25 шілде 2020 12:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі күні, яғни 26 шілдеде Минскіде (Беларусь) кәсіпқой бокс кеші өтеді. Оған бес қазақстандық боксшы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Аталған бокс кешінде Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) мен Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) титулдық жекпе-жек өткізеді. Неміс боксшысы Нуху Лавальге (27-6, 15 КО) қарсы өтетін айқаста Ербосынұлы супер орта салмақтағы WBO Global, WBC Asia және WBA International белбеуін қорғайды. Жаңабаев жартылай орта салмақта француз боксшысы Сэнди Мессаудаға (13-6, 1 КО) қарсы шығып, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific белбеулерін сарапқа салады. Сонымен қатар бұл бокс кешінде Нұрсұлтан Аманжолов (2-0, 1 КО) пен дебютанттар Бек Нұрмағанбет және Евгений Павлов шаршы алаңға шығады.

Минскідегі бокс кешін «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Ол 26 шілде күні Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады.


Басты сөздер: Спорт, Бокс, Беларусь,
Жоғары қарай