Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ерболат Досаев Қазақстандағы инфляцияға қатысты болжам айтты

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 10:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында сыртқы қаржы және тауар нарықтары мен ішкі экономиканың тамыздағы ахуалы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Тұтыну нарығындағы теңгерімсіздік аясында әлемдегі инфляцияның өсуі жалғасып отыр. Әлемдегі жоғары іскерлік белсенділік аясында тауарларға сұраныстың артуы бағаның өсіміне әсер ететін ұсыныс мүмкіндіктерінен асып түсуде. Нәтижесінде инфляциялық процестер тұтыну нарығында сақталып отырған теңгерімсіздіктер аясында дамыған елдерде, сол сияқты дамушы елдерде де бұрынғысынша жеделдей түсті», - деп бастады ол сөзін.

Айтуына қарағанда, азық-түлік нарығындағы теңгерімсіздік инфляцияға ерекше әсер етіп отыр.

«Биылғы тамызда 2 ай баяулағаннан кейін әлемдегі азық-түлік бағасы қайта өсуін жалғастырды. ҒАО тізбесіндегі азық-түлік бағаларының индексі жылдық көрсеткіште 32,9%-ке ұлғайып, 127,4-ке жетті. Бұл қант, өсімдік майлары мен дәнді дақылдар бағасының айтарлықтай көтерілуіне байланысты орын алды», - деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасы бидай өндірісінің нашарлауына байланысты дәнді дақылдардың әлемдік баға индексі 129,8-ге дейін, өсімдік майларының әлемдік баға индексі 165,7-ге дейін өскенін айтады.

«Салдарынан қанттың әлемдік баға индексі Бразилиядағы құрғақшылық салдарынан 2017 жылғы ақпаннан бастап ең жоғарғы баға – 120,1-ге дейін өсті. Азық-түлік нарығында сақталып отырған теңгерімсіздік әлемдегі, тиісінше Қазақстандағы инфляция динамикасына теріс әсер етуді жалғастырады», - деді Ұлттық банк басшысы.


Жоғары қарай