Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ералы Тоғжанов «СҚ-Фармацияға» коронавирустың екі айлық дәрі-дәрмек қорын құруды тапсырды

2020 жылдың 4 тамыз 2020 20:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «СҚ-Фармация» ЖШС басшылығына коронавирустың екі айлық дәрі-дәрмек қорын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Ведомствоаралық комиссияның отырысы өткен болатын.

Отырыста «СҚ-Фармация» ЖШС басшылығының есебі тыңдалды, онда стационарлардағы дәрілік заттардың бір айлық қоры туралы баяндалды. Премьер-Министрдің орынбасары COVID-19 емдеу үшін екі айлық дәрі-дәрмек қорын қамтамасыз етуді, сондай-ақ азаматтарды үйде емдеу үшін қажетті қор құруды тапсырды.


Жоғары қарай