Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ералы Тоғжанов QazVac вакцинасын ДДҰ-да тіркеу бойынша тапсырма берді

2021 жылдың 21 шілде 2021 19:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жауапты сала басшылары отандық QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу мәселесін қысқа мерзімде пысықтауға міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.

Отырыс барысында вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша қысқа мерзімде шаралар қабылдауды, атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында QazVac отандық вакцинасын тіркеу және оны одан әрі үшінші елдердің нарықтарына ілгерілту мәселесін пысықтауды, осы бағытта жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Еске салсақ, эпидахуал жөніндегі кеңестің отырысында Президент Қасым-Жомарт Үкіметке QazVac-ты экспорттау мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.



Жоғары қарай