Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ералы Тоғжанов əнші Қарақат Башанова мен боксшы Данияр Елеусіновті қабылдады

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 20:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова XVIII «Балалар Евровизиясы» əн байқауында екінші орын алған Қарақат Башанованы, əнші орындаған Forever əнінің авторы, композитор Хамит Шанғалиевті жəне орта салмақта IBF Intercontinental алтын белдеуінің иегері Данияр Елеусінов пен боксшының əкесі Марат Елеусіновті қабылдады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ералы Тоғжанов пен министр Қарақат Башанова мен Данияр Елеусіновке халқымызды жарқын жеңіспен қуантып, еліміздің атын шығарып жүргені үшін алғыс айтты.







Айта кетейік, Қарақат Башанова XVIII «Балалар Евровизиясы» əн байқауында 152 ұпай жинап, екінші орын алды. Ал Данияр 28 қарашада АҚШ-тың Флорида штатында бокс кешінде намибиялық Джулиус Индигоны 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Кəсіпқой бокстағы 10-жекпе-жегін өткізген отандасымыз алғашқы алтын белдеуін иеленді.











Жоғары қарай