Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ералы Тоғжанов: Маскаға байланысты проблема болмайды

2020 жылдың 30 шілде 2020 19:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда медициналық маска жетіспеушілігі туындамайды. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда өндіріліп жатқан маска көлемі жеткілікті. Сонымен қатар аймақтардың бәрінде бірнеше мәрте қолдануға болатын масканы да шығарып жатыр. Қоймаларда да бар. Сол себепті бұл мәселе бойынша Қазақстанда проблемасы туындамауы керек», - деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, елімізде бүгінгі күні тәулігіне 1 миллионға жуық маска шығарылады.

Дәріханаларда бір масканың бағасы – 85 теңге.

Еске сала кетсек, Қазақстанның мемлекеттік бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысы бойынша халыққа Қазақстанда көшеде маска тағып жүру міндеттелген болатын.


Жоғары қарай