Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ералы Тоғжанов екі апталық карантиннің себебін түсіндірді

2020 жылдың 2 шілде 2020 17:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде не себепті екі апталық карантин енгізу шешімі жасалғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірнеше нұсқа пысықталды. Неліктен екі апталық карантинді таңдадық? Біріншіден, халық арасында вирустың таралуын барынша азайту мақсат етіп қойылды. Екіншіден, инкубациялық кезең екі аптаны құрап отыр. Ол маңызды мерзім және оны ескеру керек болды. Осы орайда тиісті ескерту жасадық», - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол екі апталық карантиннен кейін қатаң шараларды қабылдау туралы тиісті мәселе көтерілсе, онда қажетті күшейтілген шаралар енгізілуі мүмкін екенін айтты.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын. Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

Үкімет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екенін атап өтті.


Жоғары қарай