Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ералы Тоғжанов биологиялық қауіпсіздік туралы құжат бойынша пікір білдірді

2021 жылдың 27 қыркүйек 2021 16:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов биологиялық қауіпсіздік туралы құжат бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Қазақстан тарихында алғаш рет биологиялық қауіпсіздік туралы арнайы заң қабылданбақ. Құжат биологиялық қатермен күрес үшін құқықтық база құрады. Ел қауіпсіздігін болжаудың ұлттық жүйесін құру жоспарланған. Бұл өз кезегінде биологиялық қатерден қорғау бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік береді», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол отандық дәрі-дәрмек пен медициналық заттарды өндіруге басымдық берілетінін айтты.

Айта кетейік, биыл қыркүйек айының орта кезінде Мәжіліс депутаттарының алдында «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасы таныстырылды.



Жоғары қарай