Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Эр-Риядта Тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстел өтті

2021 жылдың 1 желтоқсан 2021 21:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және қазіргі заманғы мемлекет құрудағы Н.Назарбаевтың тарихи рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шара барысында Сауд Арабиясы Корольдігідегі Қазақстан Елшісі Берік Арын Тәуелсіздік жылдары ішіндегі Қазақстанның негізгі жетістіктері, халықаралық аренадағы таңқаларлық жеңістері жайында жан-жақты баяндады.

«Қазақстанның жаңа тарихы және оның бүгінгі жетістіктері ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты», - деп атап өтті Қазақстан дипломаты.

Сонымен қатар ол бүгінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық және саяси реформаларға кеңінен тоқталды.

Дөңгелек үстел қатысушыларына қысқа метражды деректі фильм көрсетіліп, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері жайынан сыр шертетін фото көрме ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушыларына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан – дамудың 30 жылы» атты жаңадан шыққан кітабы таратылды.


























Жоғары қарай