Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Эр-Риядта ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты қабылдау өтті

2021 жылдың 17 желтоқсан 2021 15:14

ЭР-РИЯД. ҚазАқпарат – 15 желтоқсанда Эр-Рияд қаласында Сауд Арабия Корольдігіндегі Қазақстан елшілігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерекелік қабылдау өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға Эр-Рияд қаласының мэрі, мәртебелі ханзада Файсал бен Айяф, Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Н. Хаджраф, САК Консультативтік Кеңесінің депутаттары – Қазақстан-Сауд парламенттік достық тобының мүшелері, Сыртқы істер министрлігінің, Корольдіктің мемлекеттік орган басшылары мен өкілдері, шет елдердің елшілері мен дипломаттары және Эр-Рияд пен Джиддадағы халықаралық ұйымдардың тұрақты өкілдері, ғылыми және іскерлік орта, қоғам және саяси қайраткерлер, БАҚ өкілдері, сондай-ақ белгілі қоғам-саяси қайраткерлері қатысты.

Қазақстан елшісі Б.Арын өз сөзінде Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі негізгі жетістіктерін атап өтіп, қонақтарды еліміздің қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірі туралы хабардар етті. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасуындағы рөліне, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың кең қолдауына ие болған оның халықаралық бастамаларына ерекше назар аударылды.




Сондай-ақ, елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы айтып берді.

Қазақстандық дипломат Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен САК мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман арасындағы жеке байланыстың, сондай-ақ САК Консультативтік кеңесінің төрағасы Абдалла аш-Шейхтің және САК инвестициялар министрі Халид Фалихтың Қазақстанға сапарының арқасында осы жылы қарқын алғанын тілге тиек етті.

Салтанатты қабылдауға қатысушыларға қысқа метражды деректі фильм көрсетіліп, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы фотокөрме ұйымдастырылды. Қазақстаннан онлайн режимінде трансляцияланған Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы оркестрінің концерті кешті көркейте түсті. Қазақстандық әртістер елшіліктің салтанатты шарасына қолдау көрсетіп, көпшілікке танымал қазақ композиторларының шығармалары мен ұлттық фольклорын ұсынды. Елшілік аумағында қазақтың киіз үйі мен көшпенділердің қолданбалы өнерінің ұлттық бұйымдары қойылған этнографиялық көрме ұйымдастырылды.




Қабылдау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітаптары, сондай-ақ Қазақстан туралы және оның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ Қазақстан-Сауд қарым-қатынастары туралы баяндайтын өзге де ақпараттық-имидждік материалдар таратылды.



Авторы: Арсен Өтешев


Жоғары қарай