Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

«Ер адам баланы ұрламақ болды» - ҚР ІІМ желідегі видеоға жауап берді

2020 жылдың 29 мамыр 2020 13:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Дина Таңсәрі есімді Facebook-қолданушысы 18 мамыр күні Павлодарда ер адам ұл баланы ұрлап кетпек болғаны туралы жазған еді. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Баланы ұрлау фактісі тіркелген жоқ», - деді ведомстводан.

Полицияның анықтауынша, 18 мамырда сағат 18.30 шамасында 33 жастағы павлодарлық отбасымен бірге өз көлігімен үйіне қайтып бара жатқан. Донецкая көшесіндегі үйдің ауласында оның қызы өзі күнделікті тамақтандырып, қамқорлық көрсетіп жүрген мысығын көшедегі ұлдардың бірі қабырғаға соққылап жатқанын көрген. Көзімен көрген жайдан қыз бала қатты шошынып, жылай бастаған.

Осы кезде әкесі көлігін тоқтатып, ұл баланы қуып жетіп, оған ескерту жасаған. Үй жануарын бұлай қинауға болмайтынын айтқан. Кейін көлігіне отырып, кетіп қалған. Болған оқиғаны ұл баланың анасы көріп, полицияға хабар берген. Алайда, тексеру кезінде жасөспірім баланың денесінен ешқандай жарақат анықталмаған.

Әйтсе де 33 жастағы ер адамның үстінен Әкімшілік кодекстің 73-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, ол 5 тәулікке қамалды.


Жоғары қарай