Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Эпидемиологтар Қазақстан тұрғындарына мерекені ешқайда шықпай, отбасында қарсы алуды ұсынды

2022 жылдың 20 наурыз 2022 00:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Наурыз мерекесі қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады. Ол коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алу мақсатында адамдармен қарым-қатынасты азайтуға кеңес берді.

Ресми өкіл бұл туралы өзінің Facebook -тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті достар! Алдыда мереке күндері келе жатыр. Еліміз көктемнің ең бір жылы да шуақты меркелерінің бірі – Наурыз мейрамын қарсы алады. Соған қарамастан мен тағы да өзімнің және әріптестерімнің атынан сіздерді мереке кезінде вирус жұқтырып, жайсыз жағдайға тап болмаудың алдын алу үшін мерекені мүмкіндігінше отбасында қарсы алуға кеңес беремін. Осылайша, адамдармен қарым-қатынасты мүмкіндігінше азайтқан дұрыс. Елде коронавируспен байланысты жағдай оңалып келеді. Осыған қарай түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ресми түрде рұқсат етілген. Алайда біз коронавирус пен оның штамдарының жоғалып кетпегенін естен шығармауымыз керек. Пандемия әлі жалғасуда. Вирус мутацияға ұшырап, жаңа штамдар пайда болып жатыр. Мысалы Қытайда «стелс-омикрон» штамы тарай бастады. 17 млн халық тұратын Шэньчжэнь қаласында адамдарды оқшаулап, мемлекеттік мекемелер қашықтан жұмыс істеуге көшті. Адамдардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтерден басқа мекемелер мен кәсіпорындардың барлығы жұмысын тоқтатып жатыр. Біз бұның барлығынан өттік. Еліміз «жасыл» аймаққа енді. Соған қармастан жағдай осылай болды деп арқаны кеңге салуға болмайды. Мүмкіндігінше сақтық шараларын назарда ұстаңыздар!»-деді Е.Байтанаев.

Сондай-ақ ол мереке кезінде коронавирустан басқа тағамнан уланудың да қауіпті екенін еске салды.

«Сондықтан тұтынылатын тағамның жарамдылық мерзіміне назар аударыңыздар. Әр адам денсаулығы үшін өзі жауап береді. Сол сбеепті сіздер бірінші кезекте өздеріңіздің денсаулықтарыңыз үшін жауаптысыздар. Мереке вакцина алып, ал оны алғандарға ревакцинациядан өтудің тамаша мүмкіндігі дегім келеді»,-деді Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ресми өкілі.


Жоғары қарай