Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Эпидахуалды бағалау матрицасы: Қызылорда облысы қайтадан «сары» аймаққа өтті

2021 жылдың 20 қазан 2021 08:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 20 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Айта кетейік, 19 қазан күні Қызылорда облысы «жасыл» аймақта тұрған еді.



Жоғары қарай