Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ЕО Владимир Путин мен Сергей Лавровқа санкция салды

2022 жылдың 26 ақпан 2022 10:24

БРЮССЕЛЬ. ТАСС- ҚазАқпарат – Еуропалық Одақ Ресей Президенті Владимир Путин, Премьер-Министр Михаил Мишустин, Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары РФ Дмитрий Медведев пен Ішкі істер министрі Владимир Колокольцевке Украинадағы операцияға байланысты «қара тізімге» енгізді.

Бұл туралы сенбі күні арнайы нормативтік актілер жарияланған ЕО Ресми журналынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агентттігіне сілтеме жасап.

Тізімде Ресей басшылығында отырғандар, Парламент депутаттары мен шенеуніктер, жоғары шенді әскери қолбасшылар, Беларусь елінің шекара базалары мен өзге де бөліктерінде басшылықта отырған 98 адам бар.

«Жағдайдың күрделілігіне орай Кеңес өкілдері Ресей тарапының өздерін республика деп жариялаған Донецк мен Луганск мемлекеттерін шұғыл мойындау керектігін қолдаған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері де шектеулер енгізілетін жеке және заңды тұлғалар тізіміне енгізілуі керек деп есептейді. Бұған қоса Ресей тарапының әскери агрессиясына қолдау көрсеткен Беларусь тарапының да өкілдері, сондай-ақ «Ресей Федерациясы мен Донецк халық республикасы, Ресей Федерациясы мен Луганск халық республикасы арасындағы достық, ынтымақтастық, өзара көмек туралы» үкіметтің шешімін ратификациялаған Мемлекеттік думаның өкілдері де енгізілуі керек»,-делінген хабарламада.

Мәлімдемеге ЕО «қара тізімге» енгізген 98 адамның аты-жөні қоса берілген. Осылайша, тізімдегі адамдар саны 670-ті құрады.


Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Әлем, Украина, Ресей,
Жоғары қарай