Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа арнайы өкілі тағайындалды

2021 жылдың 22 маусым 2021 01:04

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бүгін Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің отырысы кезінде ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа арнайы өкілі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қызметке финляндиялық Терхи Хакала лайық деп танылды. ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа арнайы өкілінің мандаты 2021 жылдың 1 шілдесінен басталады және 2023 жылдың 28 ақпанына дейін күшінде болады.

Терхи Хакала - ЕО-ның Орталық Азиядағы және шығыстағы достас елдермен жұмыс бойынша, соның ішінде Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ОБСЕ) желісі бойынша мол тәжірибесі бар фин дипломаты.

Т.Хакала шет елдерде түрлі дипломатиялық қызметтер атқарған. Соның ішінде Ресейде, оңтүстік және оңтүстік-шығыс Азияда, Швейцарияда елшілік деңгейіндегі қызметтерді атқарған.

Соңғы қызметі - Финляндия сыртқы істер министрлігіндегі технология және қауіпсіздік мәселелері бойынша елші.

Ол орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

Бұған дейін ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі қызметін Словакия өкілі Петер

Буриан атқарған еді.

Автор: АРНУР РАХИМБЕКОВ

Перевод Ербол Жанат
Басты сөздер: Халықаралық ұйымдар, Еуропа,
Жоғары қарай