Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Энергетиктер Қостанай облысындағы қатты боран салдарынан келген залалды қалпына келтіруде

2020 жылдың 12 сәуір 2020 14:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 сәуіріндегі Қостанай облысында қатты боран соғып, желдің екпіні 37 м/с-қа дейін жеткен. Дауыл салдарынан электр желісі үзілді. Оның ішінде «KEGOC» АҚ-ның электр беру желілері өшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Электр беру желілерінің зақымдануы салдарынан ВЛ-500 кВ «Қостанай-Сокол», «Қостанай – Челябинская», «Жітіқара-Сокол», «Сокол – Есіл», «Қостанай – Көкшетау», сондай-ақ ВЛ-220 кВ «Сокол-Заречная», «Сокол-Качар», «Сокол-Лисаковская» ажыратылған.

«Облыста ажыратылған жеке және заңды тұлғалардың саны шамамен 40 мың абонентке жетті. Бастапқыда «KEGOC» АҚ-ның электр желілерінде бұзушылық тіркелді. Соның салдарынан «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, «ЭПК-forfait» ЖШС-ның желілері ажыратылды. Жоғарыда аталған барлық ұйымдардың білікті қызметкерлері желідегі авариялық жағдайды жою бойынша жұмыстарды үнемі жүргізіп отырды. 2020 жылдың 7 сәуірінде сағат 21.00-ден 23.00-ге дейін тұтынушылар үшін шектеулерді ішінара алып тастау арқылы Қостанай қаласын электрмен жабдықтауға жедел ауыстыру жүргізілді. Бұл ретте қаладағы тіршілікті қамтамасыз ететін барлық объектілерге электр қуаты берілді», - деп хабарлайды министрліктен.

Қарлы боран салдары апаттық бригадалардың шығуына қиындық туғызған. Артынша Қостанай облысы ТЖД мен әкімдігінің автотехникасы тартылды. Жедел қызметтер ауа райының күрделі жағдайына қарамастан өңірді электрмен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдаған.

«Сондай-ақ «ЭПК-forfait» ЖШС қызметкерлері Қостанай қаласы мен аудандар бойынша келіп түскен барлық өтінімдерді пысықтады. Облыс энергетиктері тәулік бойы жұмыс істегенімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде үлкен қиындықтарға тап болды. Қарлы боран бәсеңдегеннен кейін бірінші кезекте ауруханалар, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау сияқты негізгі тіршілік ету нысандары электрмен жабдықтауға қосылды. Бүгінгі таңда соңғы тұтынушыға дейін электрмен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Электр желілерін қалпына келтіре отырып, тұтынушыларға да жарықты қосу жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлайды министрліктен.

Еске сала кетсек, солтүстік өңірлерде үзілген электр желілерін қалпына келтіруге 17 бригада жұмылдырылғанын хабарлағанбыз. Дауыл кезінде Қостанай облысының жүздеген елді мекені электр қуатынсыз қалды. Ал, Ақмола облысында 189 елді мекенді электрмен жабдықтау желісіне зақым келді.











Жоғары қарай