Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.16
EUR 406.18
RUB 5.90
CNY 53.60

Энергетика министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 15:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергетика министрлігінің ресми өкілі болып Серікжан Ерментаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«17 қаңтардан бастап министрдің кеңесшісі - Энергетика министрлігінің ресми өкілі қызметіне Серікжан Ерментаев келді», - делінген хабарламада.

Серікжан Ерментаевтың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыста тәжірибесі бар. Квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда болған. Бұған дейін Атырау облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметін басқарған.

Бұған дейінгі ресми өкіл - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары Нұрлыбек Жеңісбек президенттік кадрлар резервіне кіріп, басқа жұмысқа ауысып жатыр.


Жоғары қарай