Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Энергетика министрі жанармай түрлерінің шекті бағасын атады

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 12:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында жанармай түрлерінің шекті бағасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісінде берген тапсырмаларын іске асыру үшін бірқатар қысқа мерзімді шаралар қабылданды. Атап айтсақ, бензин мен дизель бағаларын мемлекеттік реттеуді белгілеу, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды бекіту бойынша тиісті бұйрықтар қабылданды», -деген министр аталған өнімдер бойынша қанда шекті мөлшер енгізілгенін атады.

Оның айтуынша, қазір мұнай өнімдерінің бағасы мынадай:

1) АИ-80 маркалы бензин – литріне 89 теңге;

2) АИ-92 маркалы бензин – литріне 182 теңге;

3) АИ-93 маркалы бензин – литріне 182 теңге;

4) АИ-95 маркалы бензин – литріне 215 теңге;

5) дизель отыны (жазғы, маусымаралық) - литріне 230-260 теңге.


Жоғары қарай