Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Энергетика министрі жанармай бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді

2021 жылдың 28 желтоқсан 2021 14:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жанар-жағармай бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жылына 800 мың тонна жанармай керек. Әрине, егіс және орақ науқандары бар. Артылған көлемге қатысты айтсақ, біршама жақсы мөлшер бар. Қыркүйек айында мөлшерлемелер төмендей бастады да, тапшылық пайда болды. Қазан айынан бастап артылған көлемнің мөлшері өсе бастады және бүгінде бізде 240 мың тоннадан асып отыр. Бұл жанармаймен қамтамасыз етуде ешқандай қиындықтар болдырмау үшін жеткілікті көлем», - деді Мағзұм Мырзағалиев орталық коммуниациялар қызметінде өткен брифингінде.

Сондай-ақ, ол, жанар-жағармай бағасы мұнайдың бағасына тікелей байланысты екенін еске салды.

«Бағаға келетін болсақ, менің ойымша, бүгінгі таңда жанар-жағар май бағасының қымбаттауына негіз болатын үлкен алғышарттар жоқ. Дегенмен, жанар-жағармай бағасының қалыптасуына мұнай бағасы да әсер ететінін айту керек. Кейінгі аптада бір баррель мұнайдың бағасы 10% немесе 71 доллардан 78 долларға дейін өскенін көріп отырмыз. Сондықтан жанар-жағар май бағасын болжау – берекесіз шаруа. Өйткені біз мұнай бағасының қалай болатынын білмейміз», - деп түсіндірді Энергетика министрі.


Жоғары қарай