Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Энергетика министрі Tengizchevroil компаниясының жаңа бас директорын қабылдады

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 09:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрлан Ноғаев Tengizchevroil ЖШС-ның жаңа бас директоры Кевин Лионды қабылдады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Tengizchevroil ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Имер Боннерге бірлескен жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, Кевин Лионның жұмысына сәттілік тіледі. Энергетика министрі өз сөзінде компанияның құрылтай құжаттарына сәйкес алдағы уақытта Tengizchevroil ЖШС-ның басшысы болып Қазақстан азаматы тағайындалуы мүмкін екенін атап өтіп, бұл қадам Қазақстан үкіметі мен Chevron компаниясы арасындағы ұзақ және тиімді ынтымақтастықтың тарихына қомақты үлес екенін айтты.

Тараптар мұнай-газ машина жасауды дамытудың халықаралық орталығын, жергілікті қамтуды дамыту қорын құру және COVID-19 пандемиясының мұнай-газ секторына әсерін талқылады.

Энергетика министрі еліміздегі пандемиямен күресте ТШО-ның көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдіріп, Теңіз кен орнында санитариялық қауіпсіздік шараларын күшейту туралы бірқатар тапсырмалар берді.





Жоғары қарай