Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Еңбекшіқазақ ауданында коронавирус анықталған алғашқы науқас ауруханадан шығарылды

2020 жылдың 15 сәуір 2020 18:16

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін . Ол облыс бойынша аталған індеттен жазылған 7-ші адам, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Науқастанып, жазылып шыққан 59 жастағы азамат - Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғыны. Ол 26 наурызда Өзбекстаннан үйлену тойында болып келген. 28 наурызда шұғыл медициналық көмек бригадасы оны Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылындағы ауылдық аурухананың обсервациялық бөліміне жеткізген. Науқаспен қарым-қатынас жасаған 13 адамнан ауруханада вирусологияға талдау алынды. Олардың барлығының нәтижесі таза шықты.

Науқасқа 14 сәуірде қайта жасалған талдау қорытындысы оның сау екенін көрсетті. Пациенттің шағымы жоқ, жағдайы қанағаттанарлық.

Сонымен, Алматы облысында коронавирустен жазылғандар саны 7 адам болды.


Жоғары қарай