Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Еңбек министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер қалай бақыланады

2019 жылдың 2 қазан 2019 17:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі қызметтер енді қызмет көрсету трекингі жүйесінде бақыланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қызметтерді нақты уақыт режимінде көрсету мәртебесін қадағалай бастады. Бүгінгі күні трекинг жүйесінде ҚР Еңбекмині көрсететін 18 қызмет мониторингіленеді. Олардың арасында мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау, мүгедектікті немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау мен тағы басқалары бар. Бұл ретте министрліктің қызметкерлері нақты уақыт режимінде қызмет көрсетудің барлық кезеңдерін бақылай алады. Кешігу немесе қызмет көрсетпеу фактілері анықталғаннан кейін болашақта осындай жағдайларға жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданады», - делінген аталған министрліктің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек министрлігі 35 түрлі қызметтің орындалуын бақылауға алуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, министрлік қызметкерлері нақты уақыт режимінде келіп түскен және өңделген өтінімдердің санын, олардың қаншасының мерзімі өткенін бақылай алады. Алдағы уақытта бұл деректер өңірлерде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын талдау үшін негіз болады.

Жоғары қарай