Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Еңбек министрінің экс-орынбасары Нариман Мұқышев жаңа қызметі туралы айтты

2020 жылдың 9 шілде 2020 09:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымынан босатылған Нариман Мұқышев жаңа қызметі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Енді қайда жұмыс істейтінім туралы көптеген сұрақтар түсуде. BI Group Холдингінің және CEO BI Innovations-тің ІТ жөніндегі Басқарушы директоры ретінде жұмысқа кірістім. Компанияда жобалар өте көп, соның ішінде цифрлық. Менің негізгі міндетім - BI Group-тің құрылыс бойынша ғана емес, сондай-ақ цифрлық алпауыт болуына қол жеткізу. Өр мақсаттар мен жоспарлар өте көп! Егер сізде қызықты ұсыныстар мен идеялар болса, қарастыруға әзірмін. Бұрынғыдай барлық әлеуметтік желіде конструктивті әңгіме үшін ашықпын», - деп жазды Н.Мұқышев Telegram-да.

Еске салайық, 7 шілде күні Нариман Мұқышев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымынан босатылды.

Нариман Нұрланұлы Мұқышев 1984 жылы 9 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген. Сүлеймен Демирель атындағы университетті, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 2014 жылғы қараша айынан бастап 2018 жылғы маусым айына дейін «Қазпошта» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

2018 жылғы маусым айынан 2020 жылдың 7 шілдесіне дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.


Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Тағайындау,
Жоғары қарай