Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еңбегімнің жемісін көріп келемін – атыраулық слесарь Рашид Алашбаев

2020 жылдың 27 қыркүйек 2020 12:40

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде «Атыраунефтемаш»ЖШС-нің жоғары санатты слесары Рашид Алашбаев пен оның әріптестері екі мерекеніатап өтеді. Оның бірі – Еңбек күні болса, екіншісі – Машина жасаушы күні. «Биыл дәлосы кәсіпорында еңбек еткеніме 33 жол толды. Бұрын алдыңғы буындағы аға толқыннанкөп нәрсені үйренген болсам, қазір өзім де солардың қатарына қосылдым. Еңбегімнің жемісін көріп келемін»,- дейді «Құрметті машина жасаушы» төлбелгісінің иегері Рашид Алашбаев.

Ел ішінде көп елене бермейтін қатардағы мамандықтың бірі –слесарь. Бұл мамандықты

меңгеру оңай емес. Дегенмен, Рашид Алашбаев слесарь мамандығын таңдағанын әр кез

мақтан тұтады. Осыдан 35 жыл бұрын Махамбет ауданындағы Алға орта мектебін бітіргелі бері өзі таңдаған мамандығына адалдығынан айнымай келеді. Адалдық дегеннен шығады, биыл алғашқы еңбек жолы бастау алған кәсіпорында табан аудармастан еңбек еткеніне 33 жыл толды. Нақтылай айтқанда, 1985 жылы бұрынғы Петровский атындағы машина жасау зауытына алғашында слесарьдың үйренушісі болып жұмысқа орналасқан.

Осы кәсіпорында бір жыл еңбек етіп, әскери борышын өтеуге аттанған. «Еңбек кітапшаңды осында қалдыра бер, кейін жұмысыңа қайта ораларсың», депті зауыттың сол

кездегі директоры, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Атырау облыс әкімінің лауазымын

атқарған Сағат Түгелбаев. Айтқандай, Рашид екі жылдық әскери борышын өтеген соң, еңбек жолы басталған зауытқа қайта оралды.





Еліміз тәуелсіздігін алған тұста ол еңбек ететін зауыттың аты да, заты да өзгерді. Қазір бұл кәсіпорын «Атыраунефтемаш» ЖШС атауын иеленген. Заман талабына орай бұрынғы зауыттың құрал-жабдығы толығымен жаңарған. Былтыр ашылғанына 100 жыл толған байырғы кәсіпорында отандық экономиканың жетекші саласына айналған мұнай-газ

өнеркәсібі үшін, соның ішінде, ұңғымаларды жөндеу, мұнай өндіру мен жинақтау және

өңдеу секторына қажетті ең күрделі қондырғылар шығарылады. Тіпті, құрылыс индустриясы мен жылу-энергетикалық салалары да осы кәсіпорынның өнімін тұтынуға бет бұрды. Қазір аталған кәсіпорында механика цехының слесарі Рашид Алашбаевпен бірге 300-ге жуық астам отандық маман тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Зауыттағы әр маман өз ісін жауапкершілікпен атқарады.





«Өз ісімізге жауапкершілікпен қарауымыздың бірнеше себебі бар. Бізде біріншіден, осы заманғы жаңа технология, еуропалық стандарт енгізілді. Бұл өнімнің сапасын арттыруға,

екіншіден, тұтынушы тарапынан сұраныстың артуына ықпал ететінін түсінеміз. Өйткені,

біздің кәсіпорында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен ірі габаритті әрі ең ауыр, яғни салмағы 1000 тоннадан асатын қондырғылар мен реакторларды шығару цехы іске қосылды. Дәл осы цехта уақытта диаметрі 9 метрді, ал ұзындығы 110 метрді құрайтын ірі колонналар құрастырылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырауға келген сапары кезінде біздің кәсіпорынға келіп, жаңа цехтың жұмысымен кеңірек танысты. Сол сәтте Елбасымен амандасып, сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болдым», -дейді ол.

Рашид Алашбаев конструкторлар сызып берген кескіндеменің көшірмесін металдан дайындайды. Әрине, оңай емес. Әр кескіндеменің жүздікпен, миллиметрмен өлшенетін тұстары бар. Өте дәлдікті қажет ететіндіктен қателесуге болмайтынын түсінеді. Қателесіп те көрмепті, соның жемісі – жоғары санатты слесарь атануы. Ал, 2016 жылы ҚР

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті машина жасаушы»

төсбелгісіне ие болған.





Оның айтуынша, мемлекеттің қолдауы байырғы кәсіпорынның келешегін кеңейтіпті.

Кәсіпорынға 2016 жылы «Алтын сапа» сыйлығы берілді. Қосымша сырлау, ыстықтай мырыштау цехтары ашылған. «Атыраунефтемаш» ЖШС бұдан 4-5 жыл бұрын «Marubeni» (Жапония) және «Sinopec» (Қытай) компанияларымен 1,6 млрд. теңгенің келісімшарты жасалған еді. Қазір «Теңізшевройл», «Казстройсервис» секілді ірі компаниялардың тапсырысын орындайды. Бұл кәсіпорынға Ресей компаниялары да тапсырыс беріп отыр.

«Біз мемлекеттің кәсіпорнымызды қолдауының жемісін көрдік. Қазір еліміздің жарқын келешегі үшін еңбек етіп жүрміз. Өйткені, біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан экономикалық өркендеу қарқынын бәсеңдеткен емес. Бұған әлемдегі қаржылық дағдарыс та, пандемия да әсер ете қоймайды. Бұлай деуіме еліміздің тек ТМД, тіпті Азия елдерінің ғана емес, сонымен бірге, жаһан мемлекеттері арасында лайықты орнын иеленгені дәлел бола алады», - дейді Рашид Алашбаев.

Кәсіпорын коронавирус инфекциясы өршіген кезде де жұмысын тоқтатқан жоқ. Бірақ, бастапқыда жұмыс кестесіне аздаған өзгеріс енгізіліпті. Ал, қазір қалыпты ржимде жұмысын жалғастыруда. Слесарьдан осы кәсіпорында табан аудармай жұмыс істеуінің себебін сұраған едік.

«Мені де шетелдіктермен бірлескен кәсіпорындар жұмысқа шақырғанын жасырмаймын.

Бірақ, барлық ұсыныстан бас тарттым. Себебі, бұл кәсіпорын мен үшін ыстық қой.

Өйткені, осында 17 жасымда еңбек жолымды бастадым. Осында Борис Белкин, Қуандық

Ерғалиев секілді ұстаздарымнан слесарьлық мамандыққа машықтандым. Сол ұстаздарымның жолын жалғастыруды көздедім. Мен өз Отанымды ғана сүйемін. Демек, тек отандық кәсіпорында жұмыс істеп, ел экономикасын өркендетуге атсалысып келемін», -дейді маман.



Жоғары қарай