Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ең төменгі жалақының өсуі 1,6 млн-нан астам жалдамалы жұмыскерге қатысты болмақ

2022 жылдың 5 қаңтар 2022 14:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) 41% - ға, 42 500-ден 60 000 теңгеге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті. Осының арқасында түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін жалақысы 60 мың теңгеге дейінгі 1 млн 650 мың жалдамалы жұмыскердің ақшалай кірістері өседі», - делінген Еңбек министрлігі мәліметінде.

Бірінші кезекте ЕТЖ көтерілуі «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ЕТЖ еңбек саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарт болып саналады және тиісті қаржы жылына «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен жыл сайын белгіленеді.


Жоғары қарай