Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Эмми» сыйлығының номинанттары белгілі болды

2021 жылдың 14 шілде 2021 10:15

ЛОС-АНЖЕЛЕС. ҚазАқпарат – «Эмми-2021» сыйлығының номинанттары жарияланды. 73-ші марапаттау рәсімі 19 қыркүйекте Лос-Анжелесте өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Netflix-тің «The Crown» және «Disney+» стриминг сервисінің «The Mandalorian» телесериалдары тізімде көш бастап тұр: олардың әрқайсына 24 номинациядан тиесілі.

«Драмалық сериалдағы үздік актриса» санатындағы марапатқа «The Crown» сериалының актрисалары Оливия Колман мен Эмма Коррин ұсынылды.

Олар Екінші Елизавета патшайым мен Диана ханымның рөлін сомдаған болатын.

«The Mandalorian» – алғашқы ойын сериалы, «Star wars» фильмдер желісінің құрамдас бөлігі.

Сериал сюжеті «Return of the Jedi» фильміндегі оқиғалардан бес жыл өткеннен кейін орын алады.

Басты рөлді – жалғыз жүретін аңшы Дин Джаринді Педро Паскаль сомдады.

1990 жылдан бастап WarnerMedia бөлімшесі – HBO (Home Box Office) кабельдік және спутниктік теледидар желілері арасында номинациялар саны бойынша көш бастап келеді.

Оның қоржынында 130 номинация бар.

«Үздік комедиялық сериал» санатындағы марапатқа 8 картина таласады: «Black-ish», «Cobra Kai», «Emily in Paris», «The Flight Attendant», «Hacks», «The Kominsky Method», «PEN15», «Ted Lasso».

Ең үздік мини-сериал атағы үшін «The Queen's Gambit», «I May Destroy You», «Mare of Easttown», The «Underground Railroad» және «WandaVision» сериалдары бақ сынайды.

«Эмми» (Primetime Emmys) – теледидар экранындағы үздік жұмыстарға берілетін ең беделді марапаттардың бірі.

Қолында символдық атомы бар қанатты әйел түріндегі алтын мүсіншелерді Теледидар өнері және ғылымдар академиясы табыстайды.

Шешімді оның 23 мыңға жуық мүшесі қабылдайды.


Басты сөздер: Өнер, Мәдениет, АҚШ, Америка, Әлем,
Жоғары қарай