Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Емханалардың жұмысы қашықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылды

2020 жылдың 3 шілде 2020 11:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният еліміздегі емханалардың жұмысы қашықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, учаскелік және консультациялық қызметтер мүмкіндігінше қашықтықтан көрсетілуі тиіс. Екіншіден, жоспарлы көмек пен диагностикалық қызметтер қатаң түрде дәрігерлердің көрсетілімдері бойынша онлайн жазу арқылы жүзеге асырылады. Емханаға азаматтар алдын ала күні бұрын шақыртылады. Емханаларда қазіргі жағдайда кезек күтуге, көп адам жинауға жол бермеу керек. Бүгінгі күні жұмысты көшпелі мобильді бригада арқылы ұйымдастыруды жалғастырудамыз. Осы таңда 383 көшпелі мобильді бригада жұмыс істеуде», - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, осы мобильді топтардың бір түрі КВИ бойынша тест алады. Онда мейірбикелер жұмыс істейді.

«Бригаданың екінші түрі – КВИ расталған науқастарға үйде қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта 165 мың пациент амбулаториялық жағдайда көмек алуда. Бригаданың үшінші түрі – созылмалы аурулары, онкологиялық аурулары бар адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға көмек көрсетеді», - деді ол.


Жоғары қарай