Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елжан Біртанов Отырар ауданындағы науқастармен кездесті

2019 жылдың 25 қазан 2019 19:20

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысындағы бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр өңірдегі медицина саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, аудандардағы медицина қызметкерлерімен пікір алмасты.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жұмыс сапары барысында тарихи маңызы бар Отырар ауданына барды. Аудандық аурухананы аралап, науқастармен кездесті. Емдеу мекемесі аудандағы жалпы елу мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Аурухана соңғы заманауи құрал жабдықтармен қамтамасыз етіліп, 100 пайыз цифрландыру жүйесіне көшкен. Цифрландыру саласын одан әрі жетілдіру мен оңтайластыру мақсатында 190 моноблок сатып алынып, қазіргі таңда барлық ауылды жерлердегі медициналық қызметкерлерге пайдалануға берілген.

Науқастар «Даму Мед» мобильді қосымшасы арқылы дәрігерге электронды түрде, үйден шықпай-ақ кезекке қойылады. Және, керекті мәлімет аудандық аурухана ғана емес, еліміздегі барлық клиникалардың базасында сақтаулы тұрады.

Сонымен қатар, аудандык аурухана зертханасы да орталықтандырылған. Ондағы сараптамалар автоматтандырылған аппараттарда жасалады. Бұл өз кезегінде тексерудің сапасын арттырып, қате нәтиже беруді болдырмайды.

Елжан Біртанов ауданда ҚР Президенті тапсырмасына сәйкес, денсаулық сақтау саласын цифрландыру арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру ісінің жүзеге асып жатқандығын атап өтті. Жергілікті ауруханада «Karl Stors-Endoskope» видеолапараскоп аппараты да қойылған. Замануи құрал-жабдық отадан кейін тез сауығуға мүмкіндік береді. Бұл аудандағы медициналық көмектің сапасын және қол жетімділігін арттырып отыр.




Ауруханада сонымен қатар емделушіні қолдау және ішкі аудит қызметтері ұйымдастырылып, арнайы сенім телефоны құрылған. Жергілікті дәрігерлер шет мемлекеттерде де біліктілік арттырып келеді. Қазіргі таңда Отырар аудандық ауруханада 800-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Патронаждық қызметтің универсалды – прогрессивті моделін қолдану арқасында бала өлімі төмендеген.

Жоғары қарай