Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Елжан Біртанов: Нәресте өлімін жасырып қалудың 277 фактісі анықталды

2019 жылдың 21 қазан 2019 16:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атыраудағы сәби өлімінен кейін республика бойынша деректер мен медициналық карталарға жаппай аудит жүргізілілген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау - еліміздің негізгі басымдықтарының бірі. Қарқынды жұмыс пен кешенді тәсілдердің арқасында жалпы соңғы бес жылда ана, туберкулезден болатын өлімнің, қан айналым жүйесі ауруынан болатын, онкология және жарақаттан болатын өлімнің төмендегені байқалады. Алайда ұзақ мерзімді кезеңде осы жылдың 8 айының деректері бойынша жалпы өлімнің және нәресте өлімінің өсуінде болмашы ауытқулар байқалады», - деді министр Парламент Сенатында.

Елжан Біртановтың айтуынша, өлім себептері бойынша жүйелі шаралар цифрландыру мен статистикалық деректердің сапасын жақсарту арқылы белсенді түрде жүргізілуде.

«Біз Атырау облысында барлық туғаннан кейін шетінеп кеткен нәрестелердің шыны препараттарынан алынған объективті деректер мен медициналық карталардың аудитінен кейін ел бойынша жаппай аудит жүргіздік. Талдау нәтижесінде есепке алынбаған ерте неонаталдық өлім-жітімнің (...) 277 нәресте өлімін жасырып қалу фактілерін анықтадық. Осыған байланысты 2018 жылы нәресте өлімінің көрсеткішіне түзету жүргізілді. Бұрынғы 1000 тірі туған нәресте бойынша өлім-жітім көрсеткіші 8,03-тен 8,7-ге өзгерген», - деді ол.

Айта кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы аясында Парламент Сенатында денсаулық сақтау саласындағы міндеттер туралы Үкімет сағаты өтіп жатыр.

Еске салсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жаңа туған сәбидің өліміне, сондай-ақ, жемқорлық қылмыстар бойынша күдікті Атырау облыстық перзентханасының бас дәрігеріне қатысты істің мән-жайын баяндады.

Атырау облысына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары келді. Олар облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне көмек көрсетеді.

Жоғары қарай