Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорданың жемқорлықпен күрес органдары 7,4 млрд. теңгені үкіметке қайтарды

2020 жылдың 4 тамыз 2020 12:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті алты айдың ішінде 7,4 млрд. теңгені үкіметке қайтарды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Қыдырбаев «Antikor.Live» жобасы аясындағы онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алты айдың қорытындысы бойынша, 7,4 млрд. теңгені үкіметке қайтардық. Бұл - өте үлкен көрсеткіш. Әуежай, ауыл шаруашылығына қатысты қылмыстар толық мойындалып, ақша қайтарылғаннан кейін қылмыстық іс қысқартылды. Бұдан өзге де қылмыстар бойынша тағы 8 млн теңге бюджетке қайтарылды», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Қыдырбаев.

Ол «Сапалы жол» жобасы бойынша әкімдік, жол жөндеушілер және қоғам белсенділерімен жұмыс істеп жатқандарын айтты.

«Қоғамн белсенділері бізбен бірге жолдың сапасын тексеріп, әлеуметтік желілерге жазып жатыр. Олардың арқасында көп жұмыс атқарылуда», - дейді ол.


Жоғары қарай