Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорданың Сарыарқа ауданына жаңа әкім тағайындалды

2020 жылдың 14 қазан 2020 12:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Есет Берікұлы Байкен елорданың Сарыарқа ауданына әкім болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаеваның Facebook парақшасында жазған дерегіне сәйкес, Есет Байкен еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасында жетекші маман ретінде бастаған.

Әр жылдары Астана қаласы әкімінің әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, Астана қаласы әкімінің бас инспекторы, Астана қаласы әкімінің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

Соңғы жылдары ол ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының хатшылығында сарапшы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі қызметтерінде болды.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 11 жылдан асады.

34 жастағы Есет Байкен әкімдік бөлімінің маманынан қалалық әкімшіліктің әкім аппаратының жетекшісіне дейінгі қызмет жолынан өтті.


Жоғары қарай