Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорданың орталық алаңы қалай түрленеді: Урбанистика орталығының нобайы

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 20:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Урбанистика орталығы елорданың орталық алаңын жаңғырту нобайын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық алаңды қайта құру қаланың тарихи орталығындағы абаттандырылған көшелер мен жағалаудағы танымал қоғамдық орындарды тура серуендеу жолдарымен байланыстырады. Қаланың тарихи алаңы оң жағалаудың маңызды орны саналады және бүгінде адамдарды тартудың танымал нүктесіне айналуға үлкен мүмкіндігі бар. Қалалық алаңды абаттандыру тұрғысынан біз әдемі және қызықты субұрқақтар кешенін құруды жоспарлап отырмыз. Негізгі элементі туннельді Арка фонтаны болады, онда адамдар ағындар арқылы өте алады. Бұл дизайнда судан оттегін алып тастайтын орташа дисперсті форсункалар қолданылады, нәтижесінде су шыны тәрізді мөлдір болады. Түнгі уақыттағы жарықтандыру қосымша әсер береді. Тағы бір ерекшелігі - шар тәрізді арт нысан ішінде судан пайда болған тұман бұлтының әсерін тудыратын форсункалар орналасады. Шардың айналасында құрғақ субұрқақтар қарастырылады. Субұрқақтар кешені қала тұрғындары мен туристерінің сүйікті орнына айналады», - делінген Урбанистика орталығының Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.
















Жоба бойынша орталық бөлігінде іс-шаралар, концерттер өткізуге арналған амфитеатр орналастыру қарастырылған. Сондай-ақ, қала орманын құру мақсатында аумақты көгалдандыру жоспарлануда.



Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Құрылыс, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай