Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Елорданың коммуналдық қызметтері су құбырындағы ақауды жойды

2019 жылдың 3 наурыз 2019 04:29

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 10 көппәтерлі тұрғын үйдің сумен жабдықтау жүйесі қалыпқа келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«Астана су арнасы» мекемесінің мәліметінше, 2 наурызда сағат 04:00-де Bi Group құрылыс компаниясының меншігіндегі 10 көппәтерлі тұрғын үйдің су құбыры жарылды.

«Сағат 10:30-да су құбыры жарылып, сағат 11:40-та екінші желі арқылы су беру қалпына келтірілді. Құбырдың жарылу салдарын жоюға «Астана су арнасы» МКК-нің 4 апаттық бригадасы жұмылдырылды, Bi Group компаниясы апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді», - делінген хабарламада.

Жоғары қарай