Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорданың Есіл ауданында қураған шөп өртенді

2021 жылдың 18 сәуір 2021 23:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың Есіл ауданында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

« 21:19-да астаналық өрт сөндірушілер Есіл ауданындағы 128-көшеде шыққан өртті сөндіруге аттанды. Онда қураған шөп жанған. Жеке құрамнан 30 адам 6 техникамен тілсіз жаудың бетін қайтаруға күш салды. Сондай-ақ, оқиға орнына әкімдіктен 4 су шашқыш машина жіберілді» деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар департаменті өртті сөндіруге үдей соққан жел айтарлықтай кедергі келтіргенін мәлімдеген. Жапа шеккендер мен қаза болғандар жоқ. 22:16-да өрт сөндірілді.

Перевод Ербол Жанат
Басты сөздер:
Жоғары қарай